Нұрбек Оралбай үшінші айналымға еш қиындықсыз өтті

Нұрбек Оралбай үшінші айналымға еш қиындықсыз өтті
Бокс

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Нұрбек Оралбай кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Bassport.kz.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек тоголық Преда Пабававимен кездесіп, еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Бұл Нұрбектің аталған турнирдегі екінші жеңісі.

Бұған дейін Қазақстан сапынан Наталья Богданова алғашқы кездесуін сәтті өткізген еді.