Айбек Оралбай қарсыласын еш қиындықсыз жеңді

Айбек Оралбай қарсыласын еш қиындықсыз жеңді
Бокс

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Айбек Оралбай келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

92 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Айбек эквадорлық Кастилло Торресті жеңді. Төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды. 

Айбектің келесі қарсыласы - америкалық Джамма Тали. Екі боксшының кездесуі 11 наурызға жоспарланған.