Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияда екі медаль жеңіп алды

Гимнастика
4-7 сәуір аралығында Болгария астанасында көркем гимнастикадан Sofia Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bassport.kz.
Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы көпсайыс және бес шығыршықпен жаттығу финалында өнер көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды.
Болгарияда ел намысын қорғаған спортшылар:
Аружан Қалсаева, Аяулым Қадір, Баян Қойбақар, Ақсұңқар Әбдірахман, Мария Корниенко, София Ан.