Спорттық гимнастикадан Азия біріншілігі: Нариман Курбанов екі дүркін чемпион

Гимнастика
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атағын сәтті қорғады, деп жазады Bassport.kz.
Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде Курбанов гимнастикалық ат снарядынан Азия чемпионы атанды.
Ол өз жаттығуы үшін айтарлықтай жоғары баға алып, 15.600 ұпай жинаған.
Күмісті Өзбекстан, қоланы Иордания спортшылары жеңіп алды.
Сондай-ақ, Милад Карими көпсайыстағы күмісіне еркін жаттығудағы күміс медальді қосты.