ҚФФ президенті футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2026 іріктеуіндегі басты мақсатын белгіледі

ҚФФ президенті футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2026 іріктеуіндегі басты мақсатын белгіледі
Футзал

QazSport

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какамен және ойыншылармен кездесті. Басқосу Еуро-2026 іріктеу кезеңіндегі маңызды матчтардың бірі – Данияға қарсы ойынның алдында өтті.

Кездесу барысында президент құраманың дайындығы мен ойыншылардың көңіл-күйімен танысып, алдағы матчта сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының басты мақсаты – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу екенін атап өтті.