Қазақстанда алғаш рет әйелдер арасындағы футзал чемпионаты басталды

Қазақстанда алғаш рет әйелдер арасындағы футзал чемпионаты басталды
Футзал

KFF

Қарағандыда Қазақстан тарихындағы алғашқы әйелдер арасындағы футзал чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпионаттың алғашқы маусымына бес команда қатысуда: елордалық «Alliance», «Ақтөбе», «Қайрат», сондай-ақ қарағандылық WFT және «Bokentau Woman» клубтары. Матчтар Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы футзалдан ресми жарыстарға қатысып жүр, алайда клубтар арасындағы ұлттық чемпионат алғаш рет ұйымдастырылып отыр.