Қазақстан Ұлттық құрамасының боксшылары жарыс алдында жаттығу өткізді

Қазақстан Ұлттық құрамасының боксшылары жарыс алдында жаттығу өткізді
Бокс

Бокстан ұлттық құрама спортшылары жарыс алды жаттығуын өткізді. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иордания төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі. Осы тұста бəсекені Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайтынын айта кету керек. Бұл дегеніміз, Ұлттық құраманың жартысынан көбі.

Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен кемі қола медальге ие болады.