Бокстан Азия чемпионатының тікелей көрсетілімі

Бокстан Азия чемпионатының тікелей көрсетілімі
Бокс

Бүгін Иорданияда бокстан Азия чемпионаты басталады. 

Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі. Азия бокс конфедерациясы мен жергілікті ұйымдастырушылар телевизиялық түсірілімін жасамайды, ал жарыстың интернет көрсетілімі біздің сайтымыздың "Трансляциялар" бөлімінде қолжетімді болады.

Алғашқы кездесу Астана уақытымен 16-00-де басталады. 

Еске сала кетейік, кеше жарыстың жеребесі тартылған. 

Жеребе барысында қазақстандық боксшылардың кімдермен рингке шығатыны анықталды.

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Асилбек Джалилов (Өзбекстан).

51 кг. Сәкен Бибосынов — Нұржігіт Дүйшебаев (Қырғызстан) / Спарш Кумар (Үндістан).

54 кг. Махмуд Сабырхан — Фануват Чоожанат (Таиланд) / Дорьныамбуу Ганболд (Монғолия).

57 кг. Серік Теміржанов — Турки Абукузаилах (Кувейт) / Ихлаз Гылычжанов (Түркменстан).

60 кг. Саматәлі Төлтаев — Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан) / Шукур Овезов (Түркменстан).

63,5 кг. Санатәлі Төлтаев — Сунсукэ Китамото (Жапония) / Руслан Абдуллаев (Өзбекстан).

67 кг. Дулат Бекбауов — Сапармурат Одаев (Түркменстан).

71 кг. Асланбек Шымбергенов — Маржон Пианьяр (Филиппин).

75 кг. Нұрқанат Райыс — Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан) — Кан Чиа Вей (Тайвань).

80 кг. Нұрбек Оралбай — Анвар Насрединов (Камбоджа) / Джонгджо Веерапон (Таиланд).

86 кг. Сағындық Тоғамбай — Навруз Джафоев (Тәжікстан).

92 кг. Айбек Оралбай — Навеен Кумар (Үндістан).

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев — Моханнад Вишан (Палестина) / До Хьен Ким (Оңтүстік Корея).

Аммандағы Азия біріншілігі 31 қазан – 13 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, Мәдина Нұршаева (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззәт Күнгейбаев (+81 келі)жарысты жартылай финалдан бастайды. Себеп - турнирге қатысушылардың аздығында.Бұл боксшыларда қазірдің өзінде қола жүлде бар екенін білдіреді.