Дзюдодан Үлкен дулыға кезеңі: Алмас Ғалымов келесі айналымға өтті

Дзюдодан Үлкен дулыға кезеңінде Баку татамиіне 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Шехзод Давлатов шықты. Отандасымыз әзірбайжандық Балабай Агхаевпен кездесіп, жеңіліп қалды.
Тағы бір отандасымыз Алмас Ғалымов Коста Рикалық дзюдошы Ян Санчо Чинчиладан басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Нарбаев ұтылса, Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жеткен еді.
Еске салайық, Дзюдодан Үлкен дулыға кезеңінде ел намысын 17 спортшы қорғайды.
Әйелдер: Ғалия Тынбаева (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг), Дана Абдирова (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Эсмигуль Куюлова (63 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).
Ерлер: Бауыржан нарбаев (60 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Алмас Ғалымов (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Ермахан Ануарбеков (90 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг).
Жалпы, халықаралық додаға 62 елден 386 дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр.