Баскетболдан Қазақстан құрамасы Аустралиямен кездеседі

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Аустралиямен кездеседі
Баскетбол

Бүгін баскетболдан 2023 жылғы Әлем Кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Аустралия құрамасын қабылдайды. 


Бұл іріктеуде Қазақстан F тобында өнер көрсетеді. Бүгінге дейін біздің құрама 8 кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіліс тапқан. Ал Аустралия құрамасы сегіз ойынның сегізінде де жеңіске жеткен. 


Баскетболдан Әлем Кубогының іріктеу кезеңінің матчы бүгін Астана уақытымен 20:00-де басталады, ал оның тікелей көрсетілімін Bassport.kz сайтының «Трансляциялар» бөлімінен тамашалай аласыздар.