Жапонияны жеңе алмады

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы Әлем Кубогына іріктеудің екінші кезеңі аясында Жапониямен кездесіп, жеңіліс тапты.
Матч бойы басымдық Жапонияның құрамасының жағында болды. Қазақстан құрамасы тек бір рет бірінші кезеңде есепті теңестіріп, одан соң алға шыға білді. Бірінші ширек қорытындысы - 14:16, Жапония басым. Өзге ширектердің бәрінде есеп айырмашылығы үлкен болды (27:43, 46:73, 61:81).
Қазақстан құрамасы Жапония құрамасынан 61:81 есебімен жеңіліс өз паркетінде жеңілді.
Баскетболдан 2023 жылғы Әлем Кубогына іріктеудің екінші кезең ойындарынан кейін Қазақстан құрамасы «F» тобының турнирлік кестесінде 5-орында тұр. Ел құрамасы 10 ойынның тең жартысында жеңсе, тағы тең жартысында қарсыласына жол берді.
Бұл - екі команданың бір-бірімен бесінші рет кездесуі. Бұған дейінгі төрт матчта да Жапония басым түскен.
Жапонияға қарсы өткізген матчта Қазақстан сапынан 14 ұпай жинаған Рустам Мурзагалиев үздік деп танылды. Спортшы екі мәрте команда қоржынына «+3» ұпай салды, ал оның біреуі бірінші ширекте таблодағы көрсеткішті теңестіріп, одан кейін есепте алға шығуға мүмкіндік берген ұпай болды.