Бельгия королі Кевин Де Брюйнге алаңдағы орнын көрсетті

Бельгия корольдік футбол қауымдастығы Катарда өтетін әлем чемпионатының алдында жанкүйерлеріне арнап проморолик жариялады. Басты рөлді Бельгия королі - Филипп сомдады. 

Бейне бас жаттықтырушы Роберто Мартинесті Филипппен кездесуге шақырудан басталады. 

Роберто Патшаны біраз күтіп, кабинеттің Бельгия құрамасының атрибутикасына толы екеніне назар аударады. Заттардың ішінде жаттықтырушы схемалары бар дәптер тауып, оны мұқият зерттейді.

Осы кезде кабинетке кіріп келген Филипп Мартинестің дәптерге қарап тұрғанын байқап, жаттықтырушыға: "Бұл жай ғана ұсыныс, бірақ мен сенің неге осында екеніңді білемін. Қызыл сайтандардың уақыты келді!", - деп айтады.

Келесі кадрда Филипп бельгиялықтардың жаттығуын басқарып тұр. 

Бір кезде Филипп Кевин Де Брюйнені шақырып, оған тактикалық нұсқаулар береді.

Сонымен қатар, баспен допты дұрыс соғуды үйретеді.

Содан кейін король жаттықтырушылар штабының алдында қолындағы татуировкасымен мақтанады. 



Дереккөз: sports.ru