Жалғас Жұмағұлов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы кездесуінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

19-20 қарашаға қараған түні Жұмағұлов Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 65 турнирі аясында американдық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасады. Шара қарсаңында отандасымыз ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.  Жалғастың салмағы - 57.15 келі. 

Қазіргі таңда спортшының қоржынында бір жеңіс пен 4 жеңіліс.