Тунис-Франция матчының үздік ойыншысы ұлттық құрамадан кетті

Тунис-Франция матчының үздік ойыншысы ұлттық құрамадан кетті
Футбол

«Монпелье» клубының шабуылшысы Вахби Хазри Тунис ұлттық құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport тілшісі.


31 жастағы футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасын 1:0 есебімен жеңген матчта Тунис құрамасының жалғыз голын соқты.


Катарда Тунис құрамасы Даниямен тең ойнап (0:0), Австралиядан жеңіліп (0:1) топта үшінші орынға шықты.


Хазри негізі Францияда дүниеге келген, тіпті осы елдің жастар құрамасында бір матч өткізген. 2013 жылдан бері ол Тунис құрамасында ойнады, барлығы 74 ойын өткізіп, 25 гол соққан.
Клуб деңгейінде Хазри "Бастия", "Сент-Этьен", "Бордо", "Ренн" және "Сандерленд" командаларында ойнады.