Токиодағы Үлкен Дулыға: 1 күннің нәтижесі

Токиодағы Үлкен Дулыға: 1 күннің нәтижесі
Дзюдо

Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен Дулығы бәсекесі басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.


Бірінші күні Ұлттық құраманың 6 салмақтағы 8 балуаны татамиге шықты. Әйелдер арасында 57 кг салмақта күрескен Дана Әбдірова алғашқы айналымда жапондық Акари Омориден жеңілді.


Ал 63 кг салмақтағы Самалай Ерғалиева алғашқы айналымда румын дзюдошысына есе жіберді.


Осы салмақтағы Есмигүл Куюлова 1-айналымда Ким Еунаны (Оңтүстік Корея) жеңгенімен, 2-айналымда биылғы әлем чемпионы Мегуми Хориковадан жеңіліп қалды.


Анастасия Маякова (70 кг) швециялық Ида Эриксоннан жеңілді.


Ерлерден Данияр Шамшаевты (73 кг) алғашқы айналымда кәріс балуаны жеңіп кетті.


Абылайхан Жұбаназар (81 кг) 1-айналымда америкалық балуанды жеңгенімен, екінші белдесуде жапон Сатаро Фуживараға есе жіберді.  

Бұл салмақтағы Мейірлан Максим 1-айналымда Мысыр балуанынының мықты екенін мойындады. Дидар Хамза (90 кг) алғашқы айналымда француз спортшысын жеңіп, одан кейінгі жапон Косуке Машиямадан жеңе алған жоқ.


Жалпы бүгінгі 6 салмақта да Жапония дзюдошылары жеңімпаз атанды. Бұл елдің 24 балуаны күресіп, 17-сі медаль алды (6 алтын 4 күміс 7 қола).


Аустралия мен Германияда бір-бір күміс, Франция, Грекия, Польша, Испания, Грузия қоржынында бір қоладан бар.