Месси Нидерландыға қарсы ойынның үздік ойыншысы атанды

Месси Нидерландыға қарсы ойынның үздік ойыншысы атанды
Футбол

Нидерланды мен Аргентина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матч аяқталғаннан кейін ФИФА-ның ресми сайты Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді кездесудің үздік ойыншысы деп таныды. Матч барысында ол бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Месси осы турнирде бес матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Аргентина құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының жартылай финалында хорваттармен кездеседі.