Месси Францияға қарсы финалдық матчта ойнамауы мүмкін

Месси Францияға қарсы финалдық матчта ойнамауы мүмкін
Футбол

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының финал алдындағы жаттығуға қатыспады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап. 

Футболшы аздаған жарақатына байланысты команданың негізгі жаттығуына қатыспады. Ол Хорватиямен өткен жартылай финалда аяғын ауыртып алған. Бапкерлік штабтың пікірінше, ол финалдық матчқа толыққанды дайын болуы тиіс.

35 жастағы Месси биылғы турнирде алаңға алты рет шығып, бес гол салды.

Еске салайық, Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Ойын 18 желтоқсанда өтеді.