Әлем чемпионатында финалдағы матч төрешісі ойын жайлы пікірін білдірді

Әлем чемпионатында финалдағы матч төрешісі ойын жайлы пікірін білдірді
Футбол

Польшалық төреші Шимон Марциняк "TVP Sport" арнасына 2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының Аргентина мен Франция арасындағы финалдық матчындағы жұмысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында оңтүстік америкалықтар басым түсті. Бұл ретте аргентиналықтардың үшінші голы соғылған жазылмай тұрып, қосалқы құрамдар жүгіріп шықты.

"Ойыншылардың айтқаны маңызды. Француздар матчтан кейін алғыс айтты, олар төрешіге риза болды. Олар: Мбаппе, Льорис... Алаңға ауыстырылған ойыншылар кірген кезде соғылған голға келсек, менің ойымша, оны бекіту маңызды емес. Мұндай нәрселер қатты маңыздылыққа ие емес», - деді Шимон Марциняк.

Еске сала кетейік, Аргентина құрамасы әлем чемпионы атанды. Бұл жүлде Аргентина құрамасының тарихындағы үшінші жүлде. Бұған дейін аргентиналықтар 1978 және 1986 жылдары әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. Француз футболшылары Катарда өткен турнирдің күміс жүлдегерлері атанса, Хорватия құрамасы қола жүлдегер атанды.