Хабибтің кіші інісі қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

Хабибтің кіші інісі қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды
Жекпе-жек

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Vegas 67 турнирі өтті. Аталған сында ресейлік Умар Нурмагомедов жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Хабибтің кіші інісі бразилиялық Раони Барселоспен кездескен болатын. 

Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Алғашқы кезеңнің аяқталуына 20 секунд қалғанда Нурмагомедов қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Бұл Умардың ММА-дегі 16-шы, ал UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі. Бұған дейін ол қазақстандық Сергей Морозовты да жеңген еді.