Португалиядағы Гран-при: Екі қазақ қызы финалда күреседі

Португалиядағы Гран-при: Екі қазақ қызы финалда күреседі
Дзюдо

Дзюдодан Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандықтар Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

48 келі салмақта бақ сынаған Ғалия жартылай финалда португалиялық Катарина Костамен кездесті. Белдесудің негізгі уақытында есеп тең түсіп, қарсыластар қосымша кезеңде жеңімпазды анықтады. Десе де, бұл кезеңде де кім мықтыны анықтау оңай болмай, екі балуан жалпы есебі 11 минут күресті. Нәтижесінде, "ваззари" ұпайын алған Тынбаева финалға жолдама алды. 

Ал екінші жартылай финалда сынға түскен Абиба Әбужақынова тәжірибелі қарсылас, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, израильдік Шира Ришониді бір жарым минут ішінде "иппон" ұпайымен жеңді. 

Осылайша, Гран-при финалында екі қазақ қызы кездеседі.