Абиба Әбужақынова Гран-при чемпионы

Абиба Әбужақынова Гран-при чемпионы
Дзюдо

Дзюдодан Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан командасының қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

48 келіге дейінгі салмақтағы финалдық сында екі қазақстандық спортшы - Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева белдескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Абиба жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ғалия Тынбаева турнирдің күмісін еншіледі. 

Айта кетелік, бұған дейін екі қазақ қызы финалда кездеспеген болатын. 

Ерлер арасында 60, 66 келіде, қыздар арасында 52 келіде сынға түскен спортшыларымыз жеңіліс тауып, жүлдесіз қалды.