Дзюдодан Гран-при: Бүгін кімдерге жанкүйер боламыз

Дзюдо
Бүгін Португалияда дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күні өтеді. Bassport.kz бүгін шаршы алаңға шығатын спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынады.
Ерлер арасынжа 90 келіде Дидар Хамза мен Ерасыл Жаңатаев, 100 келі салмақта Шархан Нұрлыхан, аса ауыр салмақта Әділ Оразбаев пен Жамбыл Тұрғынәлиев сынға түседі.
Әйелдер арасында 78 келі салмақта Аруна Жангелдина мен Назерке Тілеуханова, аса ауыр салмақта Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан командасының еншісінде үш медаль бар. Абиба Әбужақынова 48 келіде алтын медаль иеленсе, осы салмақта Ғалия Тынбаева күміске қол жеткізді.
Сондай-ақ 73 келі салмақта Жансай Смағұлов күміс жүлде еншіледі.