Отандық пара дзюдошылар Гран-при турнирінен екі алтын жеңіп алды

Отандық пара дзюдошылар Гран-при турнирінен екі алтын жеңіп алды
Дзюдо

Португалияда өткен әлемдік Гран-приде қазақстандық пара дзюдошылар 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Токио 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев (J2) 60 кг салмақта финалдық белдесуде грузиялық балуанды жеңіп, алтын медальға ие болды.

Екінші алтынды (J2) 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Оразалыұлы әкелді. Ол финалдық белдесуде қарсыласы әйгілі француздық палуан Петит Натханды иппонға түсіріп, таза жеңіске жетті.

Ал (J2) +90 келі салмақта өнер көрсеткен Ерлан Конкиев қола жүлдеге қол жеткізді.

йта кетсек, пара дзюдодан әлемдік Гран-при Алмада (Португалия) қаласында 30-31 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен 91 спортшы қатысты.