Дзюдодан Grand Slam турнирі: Үш балуанымыз жарысты аяқтады

Дзюдодан Grand Slam турнирі: Үш балуанымыз жарысты аяқтады
Дзюдо

Парижде дзюдодан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бүгін татамиге шыққан қазақстандық спортшылар арасынан 81 келідегі Мадияр Сембаев жеңіліп қалды. Ол канадалық қарсыласына есе жіберген.

Сондай-ақ 90 келідегі Айдар Арапов әзірбайжандық Мұрат Фатиевке жол берді. 

78 келіге дейінгі салмақтағы Аруна Жангелдина Жаңа Зеландия өкілінен ұтылып қалды.