Қазақстандық дзюдошылар үшін Париждегі турнир аяқталды

Қазақстандық дзюдошылар үшін Париждегі турнир аяқталды
Дзюдо

Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

81 келідегі Абылайхан Жұбаназар, 90 келідегі Дидар Хамза, 100 келідегі Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақастар қарсыластарына есе жіберді. 

Аса ауыр салмақтағы Әділ Оразбаев франциялық Тедди Ринерге есе жіберсе, Жамбыл Тұрғынәлиев Оңтүстік Корея бауланынан ұтылды. 

Сондай-ақ, Камила Берліқаш (+78 келі), Ақерке Рамазанова (+78 келі), Назерке Тілеухановалар (-78 келі) жарысты алғашқы кезеңдерде аяқтады.