Отандық дзюдошылар Еуропа кубогында екі жүлде еншіледі

Дзюдо
11-12 ақпан күндері дзюдодан Болгарияның София қаласында өткен Еуропа Кубогында спортшыларымыз ел қоржынына екі жүлде салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ғұмар Қырғызбаев турнирдің ақтық сынында украиналық қарсыласынан жеңіліп, алтын жүлдеге бір қадам жерде тоқтады. Ал 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Руслан Мұсаев Еуропа Кубогының қола жүлдесіне қол жеткізді.