«Ордабасыға» әлем чемпионатына қатысқан футболшы келді

Футбол
Шымкенттің «Ордабасы» клубына сербиялық жартылай қорғаушы Радосав Петрович келді, деп хабарлайды bassport.kz.
Meta-ratings.kz-тің жазуынша, Лиссабонның «Спортинг», ағылшындардың «Блэкберн Роверс» және Сербия құрамасында ойнаған Радосав Петрович енді «Ордабасының» футболшысы.
33 жастағы жартылай қорғаушы Сербия құрамасында 44 матчқа қатысқан. 2010 жылы әлем чемпионатында өнер көрсеткен.
Сонымен қатар Сербия, Түркия, Украина, Англия чемпионаттарында доп тепкен. Соңғы клубы Испанияның «Реал Сарагоса» клубы. Ол Ла Лига 2 чемпионатының бірінші айналымында 9 матчқа қатысқан.