ІВА бойкот жариялаған елдерге қатысты тәртіптік іс қозғады

ІВА бойкот жариялаған елдерге қатысты тәртіптік іс қозғады
Бокс

Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) ресми сайтында әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің федерацияларына қатысты тәртіптік іс қозғағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлемнің көптеген жетекші елдері бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын болғандықтан, бойкот жариялаған.

Ал олардың әлем біріншілігінде өз тулары астында өнер көрсететіндері өткен жылдың қазан айында белгілі болған еді. 

ІВА тәртіптік істі АҚШ, Канада, Чехия, Швеция мен Жаңа Зеландия елдері бокс федерациялары басшыларына қатысты қозғаған. 

Айта кетейік, биыл ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте, ал әйелдер арасындағы дода Делиде өтеді.