Нұрқанат Серікбаев кәріс балуанынан есе қайтарды

Дзюдо
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Нұрқанат Серікбаев ширек финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Нұрқанат Ташкенттегі Grand Slam турнирінің финалында Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джиннен ұтылған болатын.
Бұл жолы Серікбаев өзінің өте тәжірибелі қарсыласын үшінші айналымда иппонмен ұтты.
Осылайша, ол Ғұсман Қырғызбаев секілді ширек финалға жолдама алып отыр.