Екі балуанымыз да финалдан сырт қалды

Екі балуанымыз да финалдан сырт қалды
Дзюдо

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде екі қазақ балуаны финалға шыға алмады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

60 келідегі Нұрқанат Серікбаев жартылай финалда украиналық Дилшот Халматовпен кездесіп, қылғындыру әдісіне түсіп қалды. Осылайша, қарсыласқа жеңісті беруге мәжбүр болды.  

66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев та тәжірибелі моңғол балуанынан жеңілді. 

Енді екі спортшымыз да қолаға күреседі.