ҰХЛ-да ойнаған шабуылшы "Барысқа" келуі мүмкін

ҰХЛ-да ойнаған шабуылшы
Хоккей

Астаналық "Барыс" америкалық шабуылшы Алекс Броадхерстпен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазір хоккейші "Авангард" намысын қорғап, Шығыс конференциясы финалында "Ақ Барсқа" қарсы серияда бақ сынап жатыр. ҚХЛ тұрақты маусымының 67 кездесуіне қатысқан 30 жастағы форвард 30 (14+16) ұпай жинады. Ал плей-оффтың 9 ойынында 6 (2+4) ұпай еншілеген. 

Биылға дейнгі екі маусымда Алекс Броадхерст Финляндияда өнер көрсетіп, Хельсинкидің ХИФК командасы сапында болған. Оның алдында ол 7 жыл бойы АХЛ-да ойнаған. Сонымен қатар, хоккейші "Коламбус Блю Джекетс" құрамында Ұлттық хоккей лигасының екі матчына қатысқан.