Нұрлыхан Шархан Grand Slam турнирінің қола медаліне таласады

Дзюдо
Дзюдодан Антальяда өтіп жатқан Grand Slam турнирі аяқталуға жақын. Соңғы жарыс күнінде бір қазақ балуаны медальға таласады, деп хабарлайды Bassport.kz.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлыхан Шархан турнирдің қола жүлдесін сарапқа салады. Оның қарсыласы - сербиялық Боян Досен.
Нұрлыхан турнир барысында Өзбекстан және Сербия дзюдошыларын ұтты. Ал ширек финалда Нидерланд спортшысына есе жіберген.
Жұбаныш белдесуінде Нұрлыхан канадалық қарсыласын ұтты.
Бұл салмақтағы Бекарыс Сәдуақас бірінші кездесуінде жеңіліп қалды.