Нұрлыхан Шархан кіші финалда ұтылып, бесінші орында қалды

Нұрлыхан Шархан кіші финалда ұтылып, бесінші орында қалды
Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Антальядағы Grand Slam турнирінде жүлдеге іліккен жоқ, деп жазады Bassport.kz.

Қазақ балуаны қола медаль үшін күресте сербиялық Боян Досенмен кездесіп, "ваззари" ұпайымен жеңіліс тапты.

Осылайша, турнирді бесінші орынмен аяқтады. 

Бұл бәсекеде Қазақстан командасы жалғыз жүлде иеленді. 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев турнирді қоламен қорытындылаған болатын.