«Жеңіс» құрлықтық лиганың финалдық кезеңіне өтті

«Жеңіс» құрлықтық лиганың финалдық кезеңіне өтті
Дзюдо

Қарағандыда «Жеңіс» атты дзюдо клубы құрылған. Сол клуб кеше Мәскеудегі Құрлық лигасының топтық кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

 Алдымен, жерлестеріміз Тәжікстанның «Ходжи Шариф» клубын 3-2 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Ғұмар Қырғызбаев, Руслан Мұсаев, Ерсұлтан Мұзаппаров қарсыластарынан басым түсті. Одан кейін Краснодардың «Жемчужина» командасын айқын басымдықпен ұтты. (5:0). Кейін «Самбо 70» (Ресей) және"Стайки" (Беларусь) командаларына 2:3 есебімен есп жіберді. 

Сөйтіп, 4 ұпаймен топта екінші орын алды. Көш басында «Жемчужина» тұр. Үшінші орынға «Ходжи Шариф» жайғасты. 

Айта кетейік, лиганың алғашқы маусымына 7 елден 20 ұжым шақырылған. Олардың арасында Ресей, Үндістан, Тәжікстан, Сербия, Беларусь, Иран, Қазақстан бар. Турнирдің финалы 8 шілдеге жоспарланған.