Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
Жекпе-жек

Қандасымыз, аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов UFC лигасындағы келесі қарсыласының кіс екенін білді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әлеуметтік желідегі пабликте UFC Fight Night лигасында Исмағұлов 29 жастағы америкалық файтер Грант Доусонмен кездесетіні жазылған. Қарсыласы промоушенде сегіз жекпе-жекте жеті рет жеңіске жеткен. Бір кездесуі тең аяқталған. 

Жалпы, карьерасында Доусон 19 жекпе-жек өткізгеня Турнир Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) ұйымдастырылады. 

 Айта кетейік, Дамир UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде ресейлік файтер Арман Царукяннан жеңілген.