Қуат Хамитов Алматыдағы турнирде ресейлік спортшыны ұтты

Қуат Хамитов Алматыдағы турнирде ресейлік спортшыны ұтты
Жекпе-жек

Қуат Хамитов Hardcore Fighting Championship MMA-де жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат “Найман” Хамитов (23-8) ресейлік Залимхан Юсуповті (19-13) төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Кездесу үш раундқа созылды. HFC MMA жарысы Алматыдағы Almaty Arenа-да өтті.