Әлем чемпионы Польшадағы турнирді сәтті бастады

Әлем чемпионы Польшадағы турнирді сәтті бастады
Бокс

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Польшада басталған Феликс Штамды еске түсіруге арналған халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз 54 келіге дейін салмақта фин қызы Эмма Йокиахомен кездесті. Төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, Элина Базарова былтыр қарашада Испанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.