Bugin

Маңғыстауда екі көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті: Адам аман ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 қараша сағат 21:45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында көлік апаты болғаны жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.

«Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» делінген ведомство хабарламасында.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.