Bugin

СҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында «Астана – Петропавл» автожолының 384 шақырымында көлік апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы СҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау бағытынан келе жатқан Петропавл қаласының 51 жастағы тұрғынының «Toyota Land Cruiser Prado» және облыс орталығынан келе жатқан петропавлдық 51 жастағы тұрғынның  «Audi 100» автокөліктері бетпе–бет соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, 51 және 40 жастағы облыс орталығының тұрғындары мерт болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді» делінген хабарламада. 

Арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуал шешімі қабылданады.