Bugin

8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел Ресейде ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 71 жастағы қазақстандық әйел Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«16 қарашада Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының іздестіру тапсырмасы бойынша Орловск облысы бойынша Ресей Федерациясы ІІМ-нің «Новосильское» бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматшасын ұстады», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Әйел алаяқтық жасады деген айыппен іздеуде болған. Ол 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша 1 500 000 теңгеге жәбірленушіге банкте кепілде тұрған Мұнайлы ауданы мекенжайы бойынша жер учаскесін сатқан. Сол жылы маусым айында өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, жәбірленушіге Мұнайлы ауданындағы жер учаскесін жалған құжаттармен 4 500 000 теңгеге сатқан.

Жалпы алаяқтың әрекеттерінен 74 адам зардап шеккен. Материалды шығын 50 миллион теңгеден асқан.

Полиция қызметкерлері күдіктіні Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.