САЯСАТ

Жетісуда ер адамды бопсалаған қыздар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik

Жетісуда бопсалаумен айналысқан қыздар тобы ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz мәліметінше, ер адамды қорқытып, 800 мың теңге сұраған күдікті үш қыз ұсталды.

"Б. есімді азамат "Друг Вокруг" мобильді қосымшасы арқылы бір қызбен танысқан. Хат алмасу барысында қыз ер адамды өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда ол көрсетілген мекенжайға келгенде, пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған", – делінген мәлімдемеде.

Біраз уақыттан кейін қыздардың бірі оған басқа бөлмеге барып оңашалану туралы ұсыныс жасаған.

"Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған. Алаяқтар ер адамға екі таңдау жасатқан: оларға 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады", - дейді полициядағылар.

Күдіктілер ер адамнан кепілдік ретінде оның жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан.

Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдікті қыздарды полиция қолға түсірді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.