САЯСАТ

Астанада "Елорда құрылыс компаниясы" бөлім басшысы сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik

Астана қаласы әкімдігіне қарасты "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Антикордың мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша мердігер ұйымға аванс төлеу және сметаны ұлғайту арқылы 103 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған, сондай-ақ пара беруге итермелегені үшін айыпталған.

Сот үкімімен Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.