Нұрлан Қоянбаев Мальдивтен арал сатып алмақ

Нұрлан Қоянбаев Мальдивтен арал сатып алмақ

Танымал әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастады.

Кино жұлдызы Мальдивтен арал сатып алғысы келетінін жасырмады.

“Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек", – деп қалжыңдады Қоянбаев.

 

Желі қолданушылары әзіл ретінде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр.

“Мен тізім жасайын, кім берді, кім берген жоқ, есебін жариялап отырамын", "Бастайық, мен 1 миллион тастаймын", "1 380 теңге қайдан шыққан баға?", "Нұреке алып қойып, ақырын ғана ойнатып жатырсыз-ау”, – деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалықтар