Ел ішінде "супер тамада" деп атанып жүрген Сабыржан Түзелбаев туралы ТикТок әлеуметтік желісі шулап жатыр деп жазады Democrat.kz.
ТикТокта "супер тамаданың" бойдақ қыздан телефон нөмірін сұрағаны туралы скрин жарияланған еді. Аталмыш скринді @aa00kyr атымен тіркелген желі қолданушы жариялады. Осы скринге қатысты пікірлерде "супер тамаданың" қыздарға қырындап, талайынан телефон нөмір сұрап, тиіскені туралы мәліметтер жазылуда.




