
Алматы әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар майдангерлерге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала басшысы ардагерлерді шын жүректен келе жатқан мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді. Ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.
Ольга Савенко 9 мамырда 102 жасқа толады. Ол Беларусь майдандарында соғысып, Варшава мен Берлин үшін шайқасқа қатысқан.
Екатерина Баранова — 1-Украин майданында медбике болған, ордендер мен медальдармен марапатталған.
Қамбар Сәрсенов — Беларусь, Латвия және Польша майдандарынан өткен, үш рет жарақат алған. Отан соғысы, Даңқ және Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері.
Василий Долбня — Қиыр Шығыста барлаушы болып қызмет атқарған, марапаттары бар. Жеңіс күнін отбасымен қарсы алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram