Polisia.kz

Ақтөбеде полиция велосипед ұрлаған жігітті ұстады

09.06.2025 16:10 754

Ақтөбеде полиция велосипед ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Жазғы маусымның басталуымен Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығы жиілей түсті. Көп жағдайда қылмыскерлер иелері қараусыз қалдырған әрі құлыппен бекітілмеген көліктерді нысанаға алады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның кем дегенде бес велосипед ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды. Ол көліктерді көшелерден жасырын түрде алып кетіп, кездейсоқ адамдарға төмен бағамен сатып келген.

Оқи отырыңыздар:

Тәркіленген барлық велосипедтер табылып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарға мүліктік қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.