
Әйгерім Алтынбек Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті
29.06.2025 01:30
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылып отыр. Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады.
Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды. Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен болатын.