Жаңалықтар

БҚО-да "күтпеген террорис" ұсталды

«Достастық-Антитеррор-2022» бір мезгілде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан аумағында өткізілуде.
БҚО-да "күтпеген террорис" ұсталды
Фото: дереккөз 01.09.2022 08:04 1218

Батыс Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жүйенің шарты терроризм актілеріне қарсы әрекет ету тиімділігін тексеруге бағытталған терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары өтті, деп хабарлайды, EL.KZ.

Террорға қарсы орталығының мәліметіне қарағанда, іс-шара «Достастық-Антитеррор 2022» ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдарының терроризмге қарсы бірлескен жаттығулары аясында ұйымдастырылды.

Жаттығу Достастық елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің бірлескен іс-қимыл алгоритмдері мен терроризм актілерінің қауіптеріне қарсы алғашқы іс-әрекеттерін және ҚР құзыреті бойынша мемлекеттік шұғыл әрекет ету қызметтерімен өзара хабар алмасуды пысықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде тактикалық іздестіру мен кепілдікке алынған адамдарды босату және «шартты» террористерді бейтараптандыру дағдылары іске асырылды.

«Достастық-Антитеррор-2022» бір мезгілде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан аумағында өткізілуде.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға