t.me/POLICE_of_KZ

Қарағандыда ер адам екі дәрігерді ұрып-жыққан

13.06.2025 10:04 7410

Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.

Бұған дейін дәрігерлер аяқтағы тамырлардың неліктен кеңейетінін түсіндірді.