Қостанайда өрттен 14 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға қаладағы Текстильщиков көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған.
Бүгін көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Өрт 9-қабаттағы пәтер бөлмесінен шығып, балконға тараған. ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен 6 адамды аман алып шықты, олардың ішінде 3 бала және 1 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Тағы 8 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды, - делінген мәліметте.
Барлығы медициналық тексерістен өткен, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің нақты себебі анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Астанада екі аяғынан айырылған қызға 29 млн теңге беріледі